Қытай қазақстандықтар үшін виза режимін жеңілдетіп, жолаушылар әуе рейстерінің санын пандемияға дейінгі деңгейге жетеді, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл мәсчелелер Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Cыртқы істер министрінің орынбасары (Министр деңгейінде) Ма Чжаосюймен кездесуінде айтылды.
Кездесу барысында тараптар түрлі салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының толық ауқымды өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ оны одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Сұхбат барысында биылға жоспарланған жоғары және жоғарғы деңгейдегі екіжақты сапарлар мен іс-шаралар кестесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі екі елдің өзара ықпалдасуына басты назар аударылды.
Ш. Нұрышев қытай тарапына Қазақстан-Қытай қатынастарына қосымша "серпін" беру және шарт-құқықтық базаны жетілдіру мақсатында ҚР және ҚХР мемлекеттік органдарының қарауында жатқан екіжақты құжаттардың жобаларын келістіруді белсендетуді ұсынды.
Сонымен бірге, Қазақстан Елшісі сауда-экономикалық байланыстарды арттыру, Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінде өзара әрекеттесу және тығыз ықпалдасуды нығайту, жолаушылар әуерейстерінің санын "пандемияға дейінгі" деңгейге дейін қалпына келтіру және қазақстандықтар үшін ҚХР виза режимін жеңілдету мәселелері бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды.
Өз тарапынан, Ма Чжаосюй көтерілген мәселелердің маңыздылығын айтып, қытай тарапының аталған мәселелер бойынша белсенді өзара ықпалдасуға дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, ол Қытайдың сыртқы саяси мекемесі биыл жоспарланған іс-шараларды ойдағыдай ұйымдастыру мақсатында ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігімен тығыз әрекеттесуге әзір екенін хабарлады.