ҚР ІІМ ҚАЖК №24 мекемесі сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психология жұмысы бөлімінің қызметкерлері 1 наурыз «Алғыс айту күні» қарсанында сотталғандарды Шығыс Қазақстан облысы Драма театрына қойылымға апарды. Жазасын өтеушілер театрдан ерекше әсер алып, тәрбиелік мәні бар «Атақты АЛЖИР» туындысын тамашалап қайтты.
«Өте әсерлі қойылым екен, жүрекке жетеді» деп пікірін білдірген жазасын өтеушілер театрдың тұрақты көрерменіне айналатындарына сенімді.
Маар Валентина,
№24 мекемесінің қызметкері
әділет капитаны