ҚазҰУ-да ғылыми жаңалықтар көрмесі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-инновациялық жетістіктері көрмесі өтті.

Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған көрмеде ЖОО ғалымдарының табысты ғылыми әзірлемелерімен қатар, студенттік стартаптар таныстырылды.

 

Мұнда келушілер назарына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, ҚазҰАУ, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, «Ғылым қоры», Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Жану мәселелері институты, Зоология институты ғалымдары өз жетістіктерін ұсынды.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Жеңіс Қазақстанның шикізаты негізінде дайындалған дәрілік заттар өндірісі жайлы айтып берді. «Қазіргі таңда өндірістен тұмау мен бауыр ауруларының алдын алуға көмектесетін және иммунитетті көтеретін биологиялық белсенді қоспалар дайындалады. Сонымен қатар қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектесетін, қан қысымын реттейтін, асқазан-ішек жүйесінің жұмысын жақсартатын, иммунитетті көтеретін фитошайлар өндіріледі. Бүгінде орталықта  дайындалған өнімдерді жекеменшік шағын клиникалардың емделушілері тұтынуда. Алдағы мақсат – мемлекеттік емханалармен және дәріханалармен жұмыс жасап, өнімді халыққа кең тарату», – деді профессор.

 

 

ҚазҰУ ғалымдары ұсынған жобаның бірі – бірнеше жылдық тәжірибеге сүйеніп жасалған топырақты мұнайдан тазартатын табиғи минерал. Жоба жетекшісі, Химиялық физика және материалтану кафедрасының профессоры Ердос Оңғарбаевтың айтуынша, мұның ең басты артықшылығы – мұнай қалдықтарымен ластанған жерді соңғы сатысында тазарта алуында. Яғни бұл әдіс топырақтағы мұнай мөлшері 5-10 пайыздан аспайтын жағдайда қолданылады. Әрі екінші рет ластануға мүмкіндік бермей, процесті басқаруға жол ашады.

 

 

 

Ал Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының ғалымы Өркен Мамырбаев қазақ тіліндегі дауыстық хабарламаларды мәтінге айналдыра алатын автоматты түрде тану жүйесін әзірледі. Бүгінде «Kazak ASR» зияткерлік жүйесін Telegram-да тексеріп көруге болады.

 

Сондай-ақ көрмеге «Ғылым қорының» ҚазҰУ-мен бірлескен   наноматериалдарға негізделген қабылдағыштар, білім беру мекемелеріне арналған шағын ғарыш аппараттары бойынша жобалары, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Қалалық жылу желісінің сандық егізі» жобасы, Зоология институтының «Қазақстан жануарларының Қызыл кітабын және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар бойынша электрондық деректер базасын әзірлеу» жобасы және өзге де 30-дан астам инновация қойылды.

 

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асқан ауқымды шара көрмеден соң, «Университет ғылымының дамуы – Қазақстанның инновациялық дамуының  қажетті алғышарты» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты.

 

Алқалы жиында ЖОО ректорлары, ғылыми-зерттеу институтының директорлары, академик-ғалымдар, оқытушы-профессорлар мен білім алушы жастар бас қосты.

 

Шараның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Ғылым мен инновацияны дамытудың және Мемлекет басшысы айтқан әртараптандырылған, технологиялық экономиканы құрудың маңызын атап өтіп, министр университеттердің бүгінгі таңдағы даму барысына тоқталды. Қазіргі уақытта елімізде шетелдік бес жетекші зерттеу университетінің филиалы ашылды. Университет ғылымын тұрақты қаржыландыру үшін 2023 жылы бес пилоттық оқу орнында эндаумент-қорларды ашу бойынша нысаналы капитал қорлары туралы жеке заң тұжырымдамасы және жол картасы әзірленді.

 

«Қазақстанда университеттік ғылымды дамыту бойынша қабылданған басымдық жоғары тиімділігі мен нәтижесін көрсетті. Соңғы жылдары елдегі ғылыми-зерттеу белсенділігінің көрсеткіштері ғылымның дәстүрлі моделін сақтаған посткеңестік елдердің көпшілігіне қарағанда жоғары. Университет ғылымының дамуына жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру бағдарламасы ықпал ететін болады», – деп атап өтті ведомство басшысы.

 

Жиында сөз алған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки еліміздің жоғары оқу орындарының негізгі жетістіктері туралы айтып, қойылған міндеттерге назар аударды.

 

«2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде жалпы сомасы 28,2 млрд теңгеге жеті басым бағыт бойынша 1070 жоба іске асырылды. Жобалардың басым көпшілігін: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 140, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 80, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 49 жобаны жүзеге асырды. Дәйексөздер саны және дәйексөз келтіруі жоғары мақалалар бойынша университеттер көрсеткіші басқа ұйымның түрлеріне қарағанда айтарлықтай ілгері. Гранттық қаржыландыру шеңберінде жалпы сомасы 21,7 млрд теңгеге 561 ғылыми жоба (42%) іске асырылуда. Үздік үштікке: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 31%, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ – 16%, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ 13% көрсеткішпен кіреді», –  деді комитет төрағасы.

 

 

Сөз соңында Дархан Жұмаханұлы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заңы бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын алға тартты. Атап айтқанда, ЖОО-лардың гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша конкурстарға қатысуы жөніндегі жұмысты жандандыру, ғылым департаменттерінің, ЖОО-лардағы коммерцияландыру кеңселерінің жұмысын күшейту, оқытудың жаңа тетіктерін енгізу арқылы ғылыми кадрларды даярлаудың сапасы мен тиімділігін арттыру қажеттігі атап айтылды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін экономиканың нақты секторына айналдыру үшін университетте «идеяны қалыптастырудан – оны коммерцияландыруға дейін» технологиялық дәлізі құрылғанын айтты. «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың интеллектуалдық әлеуеті зор.

 

Оқу орнында Қазақстан және әлемге іргелі ғылым саласындағы зерттеулерімен танылған беделді ғылыми мектептер бар», – деп атап өтті университет басшысы.

 

 

Ғылым пайда әкелуі үшін  ҚазҰУ-да жүзеге асырылып жатқан жобалар аясында инновациялық кәсіпорындар құрылып, жоғары технологиялық өнім шығаратын шағын өндіріс орындары іске қосылған. Олар – шунгит концентраты, полиэфирлі шайырлар, газразрядтық лампалар, дәрі-дәрмектер, көміртекті наноқұрылымдар және тағы басқа өндіретін 10-ға жуық шағын өндірістер. «Жалпы мұндай жобалар саны 100-ден асады. Біз нақты сектормен, агроөнеркәсіптік кешенмен, өнеркәсіппен ынтымақтастықты нығайту мақсатында бұл жобаларды сипаттайтын екі томдық кітап шығарып, әкімдіктер мен министрліктерге жібердік», – деді ректор.

 

Сондай-ақ пленарлық отырыста Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Мейрам Бегентаев,  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің  Басқарма Төрағасы – Ректоры Дәрия Қожамжарова, ҚР ЦДИАӨМ «Qazinnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінің басқарма төрағасы Санат Аханов және өзге де ЖОО басшылары мен институт директорлары баяндама жасап, пікір білдірді.

 

Қатысушылар озық тәжірибе алмасу, ғылыми ұйымдар мен университеттер ынтымақтастығын кеңейту қажеттігін қолдады. Сонымен қатар жиында жоғары оқу орындарын зерттеу университеттеріне трансформациялау, ғылыми-технологиялық даму саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

 

Содан соң екі күнге жоспарланған конференция жұмысы параллель секцияларға жалғасты. Онда «Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Ғылыми-технологиялық дамуды қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық базасы», «Инновациялық университет экожүйесі: технопарктерді, зерттеу хабтарын, инжинирингтік орталықтарды және бизнес-инкубаторларды іске асырудың сәтті кейстері» бағыттары қарастырылуда.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың

Баспасөз қызметі

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста