Атышулы «Qoslike» жобасының жүргізушісі Диана Скатова қазақты армандауды білмейтін, жалқау халық екенін айтты.
«Қазақтар мықты армандайды” деп айта алмаймын. Бізді “шүкір мен тәубә” құртады. Бүгінгі тамағы тоқ болса болды. Армандамайды. Бізде ойлау жасампаздығы жоқ. Біздің қоғамда сенің киімің бренд болса, соңғы үлгідегі iPhone-ды ұстасаң сенен мықты адам жоқ. Қазақ тамаққа, қазіргі қажеттіліктерге аш. Бірақ білімді, ғылымды, дамуды қажет етпейміз. Адамдарға подкаст көргеннен көрі, Ерке мен Райымның неке қиғаны қызығырақ”, – дейді тележүргізуші.
Сондай-ақ, ол бағдарлама барысында Моңғолияға баруды армандайтынын айтты.
«Менің арманым – Моңғолияға барып, ондағы халықты қалай өмір сүретінін көру. Өйткені, Моңғолия жаңалықтарда да, саяси аренада да жоқ. Бұл мемлекет жайлы айтылмайды, халқының өмір сүру салты туралы ештеңе естімейміз”, – деді Диана.