2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстандағы қарттар мен мүгедектер үйінде 20 733 зейнеткер тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, мұның 11 868-і – ер, 8 865-і – әйел.
Олардың көпшілігі Шығыс Қазақстан (2 787 орындық 17 үй), Қарағанды (2 527 орынға арналған 11 үй) және Батыс Қазақстан облыстарында (1 294 орынға арналған 11 үй) жұмыс істейді.
Одан кейінгі орында Қостанай облысы (1 723 орынға 9 үй). Ал Ақмола (1 218 орынға) және Алматы облыстарында (1 810 орынға) 8 үйден бар.
Елдің басқа өңірлерінде 2-ден 6-ға дейін қарттар мен мүгедектер үйі бар.