Қазақстанда гинпоз жасаушы алаяқтар көбеюде
Еліміздің оңтүстігінде гипноздың әсерінен жәбірленушілердің құнды заттарын өз еріктерімен алаяқтарға беру фактілері көбейген. Трансқа түсіру арқылы адамдарды тонап жүрген олардың іс әрекеттері соңғы уақытта күшейе түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Бір топ әйелді полицейлер далада ұстаған. Олар құқық қорғау қызметкерлерін көрген бойда көлікті тастап қаша жөнелген. Бұл алаяқтық топ Түркістандық зейнеткерді көз тиді деп алдап трансқа кіргізіп, кейін оның үйіндегі құнды заттарын алып кетекен. Бес әйел де ұсталып, қамауға алынды.
“Олардан ұрланған алтын бұйымдар мен ақша тәркіленді. Бұл іс "Алаяқтық" бабы бойынша тіркелді”,- деді Түркістан облысы әкімдігінің ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Гүлнар Абдужаппарова.
“Әйел біздің үйге келіп, өзін нашар сезініп тұрғанын айтты. Біз оған сеніп, қонақжайлығымызды көрсеттік. Кейін ол отбасымызға қауіп төніп тұрғанын айтты. Егер қаралмасам менің өмірім қыл үстінде екеніне сендірді. Кейін бәрімізді трансқа түсріп, үйдегі заттардың бәрін, тіпті ыдыс-аяққа дейін ұрлап кеткен”,- деді Шымкент қаласының тұрғыны Әсел Мәлік.
Психологтардың айтуынша гипноз жасауға бейім алаяқтар құрбандарын өте мұқият таңдайды. Мәселен өз ойларына шомылғандар болуы мүмкін. Әрбір адам күніне кемінде 60 рет өздігінен трансқа түседі. Сондай сәтте ол қарсы тұруға осал болады.
“Егер стандартты емес сұрақтар қойылса бұл бірінші күдік. Егер бейтаныс адам сіздің жанашырлығыңызды оятуға тырысса бұл екінші күдік. Үшіншісі ол сіздің істеген қимылыңызды, қозғалысыңызды, сөйлеу ырғағыңызды қайталауы мүмкін”,- деді психолог Герман Владимиров.
Сонымен қатар мұндай адамның қолында салпыншақ немесе кілттер болуы мүмкін. Оның ырғақты тербелісі де транс күйіне әкелуі мүмкін. Бұл алаяқтар сол арқылы сізге уақытында тиетіндей дұрыс сөздерді таңдап, осылайша өз еріктеріне бағындырады. Мұндай адамдарға қарсы негізгі қорғаныс толығымен елемеу болып табылады. Мамандар бейтаныс адамдардың көзіне қарамауға және олармен мүлдем диалогқа түспеуге кеңес береді.