Қазақстан биылдан бастап Әзербайжан арқылы мұнай тасымалдайды

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Ол өз сөзінде Қазақстан өз аймағы арқылы өтетін барлық бағыттағы экспорт пен транзитке ашық екенін айрықша атап өтті.

«Қазір тек «Шығыс-Батыс» қана емес, «Солтүстік-Оңтүстік» бағыты да бар. Осыған дейін орташа бағыт айтылды, бірақ оңтүстік бағыт та бар. Ол Түрікменстан мен Иран арқылы өтеді. Өткен жылы Мемлекет басшысы Иранға барып, тауарды Түркия арқылы Иранға жіберу бойынша келісімдер орнатылды», - деді ол.
Василенко атағандай, қазіргі таңда біздің деңгейімізді Еуразияның орталығында көтеру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Белгілі болғандай, кезінде мұнай тасымалдау бойынша  бірқатар бағыт жолға қойылды. Оның ішіне Ресей арқылы өтетін бағыттар кіреді. Каспий құбыр консорциумы, «Атырау-Самара» құбыры, «Махачкала-Ақтау» бағыттары болды. Биылдан бастап «Ақтау-Баку» бағытындағы тасымалдау іске қосылады. Яғни Әзербайжан арқылы мұнай тасымал жолға қойылмақ», - деді ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста