Қазақстан азаматтары Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған: СІМ пікір білдірді

Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қазақтардың қашқаны туралы ақпарат әлеуметтік желі тарады. Желі қолданушылары жексенбіде таңғы сағат 4:20 шамасында депортация рейсін күтіп тұрған 21 және 18 жастағы екі қазақстандықтың әуежайдың ұшу-қону жолағы жанындағы қоршаудан асып, қашып кеткенін жазған.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, екі қазақстандық Оңтүстік Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуекомпаниясының рейсімен келген. Кейін оларға елге кіруге тыйым салынғандықтан депортациялық рейсті күткен.

"Алайда қазақстандықтар Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз қашып кеткен. Олардың бірін жергілікті полиция ұстады. Екіншісі іздеуде", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, бұл оқиға Оңтүстік Кореяда жаппай наразылық тудырып, жергілікті БАҚ-тың назарына іліккен.

"Қазақстан азаматтарының мұндай мінез-құлқы олардың осы елдегі имиджі мен мәртебесіне теріс әсер етуі мүмкін. Осы оқиға біздің азаматтардың Оңтүстік Кореяға кіру тәртібіне кедергі келтірері сөзсіз", - деп ескертті ол.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста