Қаныш Төлеушин ҚР Цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды.

Қаныш Төлеушин 1983 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Оксфорд Брукс университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады.

2004-2005 жылдары – «Темірбанк» АҚ филиалының заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімінің маманы, бөлім меңгерушісі.

2006-2007 жылдары – «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Сауда-экономикалық талдау бөлімінің бас сарапшысы.

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Индустриалық-инновациялық саясат департаменті Инновациялық саясат басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

2013-2016 жылдары – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры.

2016-2017 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы.

2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

aikyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста