Қазгидромет 9-11 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар, көктайғақ күтіледі.
«Республика бойынша тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 11 ақпанға жақын батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ауысып, жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды. Түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі», – делінген хабарламада.