Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин алғаш рет жыл сайынғы баспасөз мәслихатын өткізбейтін болыпты, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.
Негізі Путин жыл сайын 10 желтоқсанда БАҚ өкілдерімен кездесіп, бірқатар сұраққа жауап беруді дәстүрге айналдырған. Алайда осы жолы соңғы он жылдан бері бірінші рет бас тартты.
Ресей президенті Владимир Путин биыл үлкен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отырған жоқ, — деді Дмитрий Песков.
Бірақ ол Путин журналистермен шет елге сапары барысында сөйлеседі деп сендірді.
Айта кетейік, Ресей президентінің лғаш рет үлкен баспасөз конференциясы 2001 жылы өтті,. 2012 жылы Кремльге оралғаннан кейін мұндай шара жыл сайын желтоқсанда өтіп келді. Конференция 4 -5 сағат созылады. Сол он жылдық дәстүр биыл үзілгелі тұр.