"Парацетамол харам". Желіде бұл дәріні мұсылмандарға ішуге болмайтыны айтылуда

Препараттың құрамында ислам дінінде тыйым салынған заттар бар екен, деп хабарлайды Alashainasy.kz  Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

 

Instagram желісінде жарияланған видеода автор дене қызуына қарсы қолданылатын парацетамолды ислам дінін ұстанатындарға қолдануға болмайтынын айтады. Мұны ол дәрінің құрамында желатин болуымен түсіндіреді.

 

Желатин шошқаның сүйегі мен терісінен дайындалады. Кей жағдайда халал емес жолмен сойылған басқа да жануарлардың мүшелері де қолданылады. Ал өздеріңіз білетіндей, шошқаны пайдалану исламда харам, — дейді бейнежазба авторы.

 

Видеоны көргендердің пікірі екіге жарылған. Бір адамдар автордың пайымында ақиқаттың бар екенін айтса, басқалары онымен келіспепті. "Дұрыс, біліп айту керек" , " Дәрі ғой, онда тұрған ештеңе жоқ", "Таяз пікір, дәлелі жоқ", "Бір анығын тек Алла біледі" депті жұртшылық.

 

Былтыр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы желатинге байланысты үкім шығарыпты. Басқарманың ресми сайтындағы ақпаратта бұл туралы жан-жақты жазылып, тиісті шешім шығарылған екен. Оған сәйкес:

 

1. Шариғат бойынша бауыздалған, етін жеуге болатын адал мал мен құстан, балық пен өсімдіктен алынатын желатин — халал. Оны қолдануға рұқсат етіледі.

 

2. Еті арам жануар (доңыз, ит, есек және т.б.), өлексе және шариғатқа сай бауыздалмаған малдан алынатын желатин, бастапқы заттың табиғаты мен жаратылысы толық өзгермейінше, харам болып есептеледі.

 

3. Адам денсаулығы үшін аса зәру, алайда орнын басатын ем табылмаса, құрамында рұқсат етілмеген желатин бар дәрі-дәрмекті қолдануға болады.

 

Сондай ҚМДБ шариғатта: "Күдікпен сенімділікті жоққа шығаруға болмайды", — деген қағида бар екенін айтады. Сондықтан, бұл мәселеде айқын дәлелді негізге алған дұрыс деп отыр.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста