Оқушы қызды шешіндіріп, соққыға жыққан: шенеуніктің екі қызынан бүкіл мектеп қорқып отыр

Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Өскеменде соққыға жығылған жасөспірім жайлы тың деректерді жариялады.

Жақында әлеуметтік желілерде жасөспірім қызды құрдастары шешіндіріп, аяусыз ұрып-соққан сәті таспаланған видео тарады. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алайда, оқиға қатысушылары оқитын мектептегі басқа балалардың ата-аналары бұзақылар жазадан сытылып кете ме деп алаңдаулы.

Дина Таңсәрінің айтуынша, бұл алғашқы оқиға емес, зардап шеккен қызға бірнеше мәрте шабуыл жасалған.

– Мұны көптеген суреттер мен бейнежазбалар растайды, қызды түрлі спорттық техникаларды қолданып ұрып-соққан, тыр жалаңаш шешіндіріп суретке, видеоға түсірген де желіге жариялап жіберген, – деп жазды қор басшысы.
Оның айтуынша, қаланың білім бөліміндегілер құрдасын ұрып-соққан қыздың өнегелі отбасынан шыққанын мәлімдеген. Сондай-ақ, оқушыны мектептен шығару жоспарланып отырған жоқ,  9-сыныпта оқитын қызға мектепті бітіруге мүмкіндік берілетінін жеткізген.

– Бұл жағдайға бейжай қарамайтын азаматтар бізге біраз мәлімет берді. Біріншіден, бұл Өскемендегі №44 мектепте оқитын барлық балаларға қатысты, сондықтан қорыққан ата-аналар бізге хат жазып, көмек сұрап жатыр! Екіншіден, Өскемен қаласының білім бөлімінің басшысы Сәуле Алагөзова бұл отбасының өнегелігін қалай өлшеп отыр? Шамасы, анасы мектеп директорлары аттестациясын қабылдайтынымен және бөлімнің лауазымды қызметкері болуымен өлшесе керек. Ал әкесі жергілікті Антикор басшыларының бірі екен, барлық жазбалардың астындағы пікірлерде солай жазып жатыр. Бірақ бүкіл ел олардың өнегесіз балаларын көрді! Осы «өнегелі» отбасының бір емес, екі қызы қатарластарын ұрып-соққан, алайда тек біреуі ғана тергеліп жатыр. Олардан таяқ жеген басқа да жасөспірімдер бар, олар біздің қордың көмегіне жүгінді, – дейді құқыққорғаушы.
Ол апалы-сіңлілердің анасы мен әкесін, сондай-ақ қаланың білім бөлімінің бастығы мен мектеп директорын қызметінен шеттетуді талап етті.

– Анасы мен әкесіне қатысты қызметтік жағдайды пайдалану, мектеп директорларын қорқыту тұрғысынан тексеру жүргізу керек. Біз екі қызды да девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған жабық арнайы интернатқа ауыстыруды және үкімнен кейін сот шешіміне сәйкес мекемеге жіберуді талап етеміз. Қазір олардың мектепте болуына байланысты басқа балалар оқуға келуден қорқады, заң бойынша жауап берсін! – деп жазды Дина Таңсәрі.
Ол сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауға алуды және Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жағдайды өзгертуге барлық күш-жігерін жұмсауды өтінді.

kznews.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста