Оқулықтар цифрлық форматқа ауыстырылып жатыр
Мектеп оқулықтарының 79%-і цифрлық форматқа ауыстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың хабарлауынша, бұл кітаптар мемлекеттік сараптамадан өтті. Оны әзірлеуге еліміздің 11 баспасы қатысты. Оқулықтарды қолданысқа енгізуге қажетті арнайы әдістемелік ұсыныстар да даяр. 2024 жылы барлық оқулықтың цифрлық нұсқасы дайын болады, - деді ол. Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында бұл кітаптарға виртуалды зертханалар мен ойын элементтері енгізіледі.
Ғани Бейсенбаев, ҚР Оқу-ағарту министрі: - Пәндерді электронды оқулықтармен 100 процент қамтамасыз ету 2024 жылға жоспарланған. Педагогтар үшін электронды оқулықтарды тиімді пайдалану әдістемелері әзірленіп, оқыту жұмыстары басталды. Электронды оқулықтармен қатар, мектептерде қосымша мультимедиялық контенті бар білім беру ресрустары қолданылады.