Өңірлерде көкөністерге тауарлық интервенциялар басталады

Осы аптада өңірлерде Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар резервінен әлеуметтік көкөніс қорларына броньды алып тастау басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz  Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.

2023 жылғы 8 ақпанда Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте әкімдіктерге әлеуметтік маңызы бар көкөніс қорларына броньды алып тастау схемасы ұсынылды. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтқандай, осы аптада өңірлік комиссиялар, бірінші кезекте пиязға, одан кейін сәбіз, картоп, қырыққабат бойынша, көлемдерін, бағасын, шарттары мен сауда нүктелерін айқындай отырып, тауарлық интервенцияларды өткізу туралы шешім қабылдауы тиіс. Бақылау-кассалық аппараттарды пайдалану міндетті болуы қажет. Тауар интервенцияларының ұзақтығы – ақпаннан сәуірге дейін. Негізгі шарттардың бірі – бөлшек сауда бағасы қол қойылған келісім-шарттар шеңберінде болуы керек.

 

 

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов жариялаған әкімдіктердің нақтыланған деректеріне сәйкес, ел бойынша пияз қорының деңгейі 130%, картоп 118%, сәбіз 103%, қырыққабат 74%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерге сатып алу үшін ұсынған қорлардың деңгейі маусымаралық қажеттіліктен есептелгенін атап өту маңызды, бұл қала халқының 4 айлық тұтынуының 30%-ын құрайды. Осылайша, аймақтар көкөністердің қорларын брондауды бастай алады.

 

 

«Премьер-Министр негізгі азық-түлік бағасына қатысты жағдайды тұрақтандыру жөнінде нақты тапсырма берді. Үкіметтің ұсыныстары бар, ең бастысы – тәртіп пен орындау талап етілуде. Қырыққабат бойынша өз қорларын әлі қамтамасыз етпеген аймақтар үшін Қырғызстанда арзан бағамен келісім-шарт жасауды ұсынамын, біз “Qaztrade” АҚ арқылы қолдау көрсете аламыз. Осы уақытта көкөніс қорларын брондауды дереу бастаңыздар», — деді сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста