27 жастағы Орал тұрғыны ұрлық жасады, көлікті айдап әкетті және алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, күдікті тұрғындардың телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, сол мезетте кредит рәсімдеген. Жәбірленушілердің арызынан кейін полицейлер күдіктіні анықтап, оған іздеу жариялады.
"Тәртіп сақшылары ер адамды Ақсайға бара жатқан жерінен ұстады, - деп хабарлады полиция.
Тергеу барысында ер адамның Ақсайда көлік ұрлады және басқа да бірқатар ұрлық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды, деп жазды "Мой город".
Сотқа дейінгі тергеу амалдары үш бап бойынша жүргізіліп жатыр: "көлікті айдап әкету", "алаяқтық" және "ұрлық".
Ойламаған жерден қарызға батқан оралдықтар полицияға арызданды
Читайте также
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша қадам жаяу жүру керек екенін есептеді
"Қызғанамын": Нұрболат Абдуллин әнші жұбайын неге сахнаға шығармайтынын түсіндірді
Кесір келіннің қиянаты
Қордайда әскерге шақырылған сарбаз бірнеше күннен соң қайтыс болды
Иесіз қыстауда түнде көрінген тұяқты әйел әке мен баланың зәресін алды
Жезөкше деген аты қандай жаман
Последние статьи автора