28 ақпанда Беларусь астанасында Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердің достастықтың жарғылық және басқа да органдары жанындағы тұрақты уәкілетті өкілдері кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады ТМД Атқару комитетіндегілер.
Достастықтың бас хатшысы Сергей Лебедевтің төрағалығымен өтетін отырыста 2021-2022 жылдардағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше мемлекеттердегі президент және парламент сайлауын, сондай-ақ референдум өткізудегі ТМД бақылаушылары миссиясының қызметін талқылау жоспарланып отыр.
2022 жылы Қазақстанда ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум, сондай-ақ президент сайлауы өтті.
ТМД тұрақты өкілдері қарастыратын басқа мәселелердің қатарында 7 маусымда Сочиде өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар да бар.
Минскте сайлаудағы ТМД бақылаушылары миссиясының жұмысы талқыланады
Читайте также
Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін күнде қанша қадам жаяу жүру керек екенін есептеді
"Қызғанамын": Нұрболат Абдуллин әнші жұбайын неге сахнаға шығармайтынын түсіндірді
Кесір келіннің қиянаты
Қордайда әскерге шақырылған сарбаз бірнеше күннен соң қайтыс болды
Иесіз қыстауда түнде көрінген тұяқты әйел әке мен баланың зәресін алды
Жезөкше деген аты қандай жаман
Последние статьи автора