Миға қонымсыз көрінеді. Шетелде тыйым салынған әдеттегі заттар

Әдеттегі дүниелер - салпылдақтар, сағыз немесе электронды шылым - туристтер бара жатқан елде бұл заттарға тыйым салынған болуы мүмкін. Кейде осындай ұсақ-түйек үшін үлкен айыппұл арқалауыңыз да ықтимал. The Sun туристер жиі баратын елдердегі осындай "өзгеше" тыйымдар туралы ескертті.

Мысал келтірейік:

Салпылдақтар - Италия, Капри аралы. Жағажайда киіетін әдеттегі аяқ киімді бүкіл Италия бойынша кие беруге болады, тек Капри аралына мұны апармаған жөн. Мұнда салпылдақтар, өзге де шу шығаратын аяқ киімдермен қатар тыйым етілген. Онда жергілікті халық "тыныштықты қатты бағалайды" екен.

Сағыз - Сингапур. Бұл қала - мемекет тазалықты өте қатаң сақтайды, оның ішінде қалтаны қағатын айыппұлдар да бар. Ол жаққа сағызды апаруға және сатуға болмайды. Дегенмен оны шайнауға тыйым жоқ. Сонымен қоса, емдік арнайы және темекіні қойғысы келетіндер үшін никотинді сағыздарды сатуға рұқсат етілген. Алайда мұндай сағыздар тек медициналық мекемелерде ғана сатылады.

Вейп пен эдектронды шылым - Таиланд. 2014 жылдан бері Таиландтың барлық аумағында мұндай заттарды кіргізу, шығару, сату мен ұстауға тыйым салынған.

Киндер Сюрприз жұмыртқалары - АҚШ. Тағы бір қызық дерек: АҚШ аумағына Kinder Surprise шоколадты жұмыртқаларын алып кіру заңсыз әрекет саналады екен. Бұл елге "желінбейтін зат қосылған тағамды" алып кіруге тыйым салатын заң бар. Кондтитерлік өнімнің ішіндегі ойыншықтар да осы қатарға кіреді.

kaz.tengritravel.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста