Кино орталығының директоры өз көлігін өртеуге тапсырыс берген

Таразда кино орталығының директоры қамауға алынды. Нұрлан Қанатов өз көлігін өртеуге тапсырыс берді деген күдікпен ұсталып отыр. Қазір тәртіп сақшылары оның неліктен мұндай қадамға барғанын тексеріп жатыр.

- Үйімнің жанында жарылыс болып, көлігім өртенді. Қатты жарылысты естіген көршілерім атып шығып, өртті сөндіре бастаған. Мен үйімде болған жоқ едім. 

Бұл оқиға үш жарым ай бұрын болған. Нұрлан Қанатов сол кезде өзіне және отбасына қастандық жасалғанын айтып дабыл қаққан. Әлеуметтік желіде түрлі мәселе көтеретін белсенді бұл жағдайды өзінің қоғамдық жұмысымен байланыстырып және оның артында лауызымды шенділердің тұрғанын айтқан. Полицейлер техникаға қасақана от қойған адамның ұсталғанын жеткізді. Сөйтсе оған 41 жастағы белсендінің өзі тапсырыс беріпті. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу басталды.

Алмаз Саламатов, Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары: - Қанатовқа қатысты ҚР ҚК 419-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Адамды ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұласқан не пайдакүнем ниетпен көрінеу жалған сөз сөйлеу. Оның кінәсіне қатысты нақты дәлелдер бар. Өртеп жіберген адам анықталғаннан кейін, Қанатов тергеуге түрлі жолмен кедергі келтіруге тырысты.

ktk.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста