Ғылым және жоғары білім министрлігі қандай түлектер грантты жұмыспен өтеуге тиіс екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес 6 санат үшін грант бойынша үш жылдық немесе екі жылдық міндетті жұмыспен өтеу көзделген:
1) Педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде түскен ауыл жастары;
2) Педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша "Серпін" бағдарламасы бойынша түскен ауыл жастары;
3) Педагогикалық және медициналық мамандықтардың студенттері;
4) Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша білім алған докторанттар;
5) Философия докторлары бағдарламасы бойынша оқыған докторанттар;
6) Барлық басқа мамандықтар;
"Білім туралы" ҚР Заңына сәйкес грантты жұмыспен өтеуден кімдер босатылды?
- жүкті немесе 3 жасқа дейінгі балалары бар;
- 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
- Егер бітірушінің жұбайы/зайыбы тұратын, жұмыс істейтін немесе қызмет өткеретін елді мекенде бос орын болмаса;
- одан әрі грантқа резидентураға, магистратураға немесе докторантураға түскен жағдайда;
Грантты жұмыспен өтеу бойынша қосымша сұрақтарды мына нөмірлерге хабарласып, қоюға болады: 8 (7172) 695-037, 695-047, 695-057, 695-056, 695-032.