Доллар бағамы тағы 4,45 теңгеге төмендеді
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы тағы төмендеді.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 4,45 теңгеге төмендеп, 1 доллар 431,08 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 наурыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 435,69 теңге болды.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 432 теңге, сатып алу – 436 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 432 теңгеден болса, сатып алу – 435,5 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,65 – 5,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,62 – 5,72 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, кеше қор нарығында доллар бағамы бірден 6 теңгеге арзандады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу