Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстанның солтүстік, шығыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының әсер етуіне байланысты қар жауып, тұман болады. Республикамыздың оңтүстік аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктер өтетіндіктен, жауын-шашын (қар, жаңбыр), кей өғңрде қатты жауын жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Құбылмалы бағыттағы жел 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -24-26, күндіз -12-14°С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел жылдамдығы 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6 аяз, күндіз +3+5°С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Жел оңтүстік-батыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз +10+12°С болады.