«Қазгидромет» ақпанның 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 2-ақпан күні Қазақстанның солтүстігі мен шығыс жартысы антициклон сілемі әсерінде болып, күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына оңтүстік циклон әсер етеді, соның әсерінен жауын-шашын болады, кей уақытта нөсер жауын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында көктайғақ болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының таулы аудандарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады, күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қалың қар түседі.