Батыс Қазақстан облысындағы тікұшақ апатының болжалды себебі айтылды.
"Қайғылы оқиға ауа райының салдарынан болуы мүмкін". Мұны бүгін Сенатта Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Пішембаев айтты.
Мереке Пішембаев, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі: - Тікұшақ жаңа болған. Эксплуатацияға небәрі бір жыл бұрын ғана берілген. Авиациялық әкімшіліктің қатысуымен комиссия құрылды, тергеу жүргізіліп жатыр. Нұсқалардың бірі табиғат жағдайы. Нақты қандай екендігін дәл қазір айта алмаймын.
23 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Чапурино кентінің ашық аумағында "Қазавиақұтқаруға" тиесілі Ми-8 тікұшағы құлап, төрт адам қаза тауып, екі адам жараланған еді. Қазір тексеріс жүріп жатыр.