Атырауда мектеп мұғалімінен А гепатиті анықталды

Атырауда мектеп мұғалімінен А гепатиті анықталды. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлады.

35 жастағы бастауыш класс мұғалімі өзін нашар сезініп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Қалалық білім бөлімі мұны жазбаша растап, 12 және 13 қаңтарда денсаулығына байланысты сабаққа қатыспағанын нақтылады. Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығындағы барлық мектеп екі күн бойы қашықтықтан оқытуға көшті.

Санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасы осы жағдайдан кейін оқушылардың денсаулық жағдайына күнделікті мониторинг жүргізілетінін, сабақта үш күннен артық қалса, олар учаскелік дәрігердің анықтамасы болған жағдайда ғана сабаққа жіберілетінін хабарлады.

Мұғаліммен байланысқан тұлғаларға медициналық бақылау орнатылды, барлық оқушының жеке медициналық карталары және оқытушылардың медициналық карталары тексерілді.

Кабинеттердің күнделікті тазалығы мен жалпы тазалығы міндетті түрде дезинфекциялық құралдарды қолданумен ерекше бақылауға алынды. Белсенді су ішу режимі сақталып, санитарлық-ағарту жұмыстары аясында дәрістер мен әңгімелер өткізіліп жатыр. Қазір басқа науқас адам жоқ. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 26 мамырдағы бұйрығымен бекітілген «Вирусты гепатит пен АИТВ-инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиология талаптарына» сәйкес 2021 №DSM-44, гепатит инфекциясы анықталған кезде мектепті жабу талап етілмейді, — делінген мекеменің жауабында.
Басылым мәліметінше, 17 қаңтарда қала мектептерінің бірінің директоры ашық туберкулезбен ауырған. Ал осыған байланысты өткен шұғыл баспасөз мәслихатында спикерлер бір айдағы екінші төтенше жағдай туралы неге үнсіз қалды деген сауалға қалалық білім бөлімі жауап берді: «биыл 19 қаңтарда аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг мектеп директорында анықталған туберкулезге арналды».

А вирусты гепатиті — «Боткин ауруы» немесе «сары ауру», тамақ пен су арқылы жақсы таралатын вирустан туындаған бауырдың жедел жұқпалы ауруы. ДДCҰ деректері бойынша жыл сайын 1,4 миллионға жуық адам А гепатитін жұқтырады.

baribar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста