Атырауда балалар үйіндегі ұрып-соғу дерегіне байланысты тергеу басталды

Атырауда балалар үйіндегі тәрбиленушілерді ұрып-соғу дерегіне байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған балалар үйі тәрбиеленушілерін ұру дерегіне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Әлеуметтік желіде таралған балалар үйіндегі деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 1 бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын әлеуметтік желі қолданушысы Дина Таңсәрі Атыраудағы «Шаңырақ» балалар үйінде тәрбиеленушілер соққыға жығылатыны туралы жазба қалдырған.

«Баланы ұрған. Ол бұл туралы балаларға арналған сенім телефонына хабарлаған. Комиссия келіп, ешқандай заң бұзушылық таппайды. Бұл аз болғандай, комиссия директордың өзі балалар үйін тексеруі керек деп хабарлайды. Комиссия балалардың шағымдарын мүлдем елемейді. Бес жасар қызды да ұрған», - деп жазды ол.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда арнайы балабақшада ерекше баланы қорлау дерегіне байланысты тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз. Әлеуметтік желіде Атыраудағы жеке балабақшаның қызметкері үш жасар баланы қорлағаны туралы видео жарияланған еді. Кейін бұл дерекке байланысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Ал, балабақша қызметкері жұмыстан шығып кеткен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста