Астанада суға батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды

Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан әйел мен иті құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«31 қаңтар күні таңғы сағат 9.22-де елордалық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Кенесары көшесі ауданында Есіл өзеніне ит суға батып бара жатқаны туралы хабарламаға шықты.


Белгілі болғандай, әйел итпен серуендеп жүрген, кенет жануар өзен үстіне жүгіріп шығып, мұз астына түсіп кеткен», - делінген ведомство мәліметінде.

Итін құтқармақ болып ұмтылған әйелдің әрекетінен нәтиже шықпай, өзі де суға бата бастаған. Сол уақытта сол маңнан өтіп бара жатқан ер адам құтқарушылар келгенге дейін әйелді судан алып шыққан.

«ТЖД бөлімшелері келген кезде ит әлі де суда болды. Құтқарушылар дереу итті судан шығаруға кірісті. Бақытымызға орай, құтқару операциясы сәтті аяқталды, ит иесіне тапсырылды.


Әйел мен үй жануарының жағдайы жақсы, олардың өміріне еш қауіп жоқ», - деді ТЖД-дан.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста