Ашаршылық болуы үшін тауықтарды әдейі улап жатыр

Telegram-да тараған роликте өзін фермерлер деп таныстырған ер адамдар ашаршылық болуы үшін олардың тауықтарын әдейі улап жатыр деп айтады. Бұған дәлел бар ма? Анықтайық.

 

Мұндай хабарламалар бүгінде АҚШ тұрғындары тап болған тауық жұмыртқасының тапшылығы туралы жаңалықтарға негізделген. Дүкен сөрелерінде жұмыртқаның болмауына әлемнің бірнеше елінде құс тұмауының өршуі себеп. 


АҚШ-та вирустан соңғы айларда ондаған миллион үй құсы қырылған. Олардың кейбіреулерін фермерлер инфекцияның таралуын болдырмау үшін өздері өлтіреді.
Құстарды әдейі улайды деп санауға негіз жоқ. Сонымен қатар мұндай гипотеза қисынсыз, өйткені құстар тек АҚШ-та ғана емес, басқа елдерде де қырылып жатыр. Олардың тұмаудан өлгені зертханалық сынақтармен расталды.


Айта кетейік, таралған хабарламада автор дүниежүзілік ашаршылық ұйымдастырмақ болған «глобалистер» туралы жазған. Бұл термин жаңа әлемдік тәртіп туралы қастандық теориясында қолданылады. Бұл теорияның негізгі идеяларының бірі – белгілі бір құпия әлемдік үкімет әлемде ашаршылық болуы үшін бәрін жасамақ. Бұған дейін бұл идеяны жақтаушылар әлемде әдейі малды өлтіреді, ормандар мен егістіктерді өртейді деп жазған, тіпті алдағы жылдары қанша адам аштықтан көз жұматынын да болжауға тырысқан. Біз мұның бәрі дәлелсіз мәлімдемелер және жалған деп жазған болатынбыз.


Демек, тауықтарды улау туралы таралған хабарлама дәлелсіз. Мәтінде конспирологияның белгілері бар. Яғни, бұл ақпаратқа сенудің қажеті жоқ.

stopfake.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста