Ақтөбеде жарысқа бара жатып жол апатына ұшыраған оқушылардың аналары үндеу жолдады

Олар бес айдан бері бір де бір шендінің жағдайларын біліп, көмек қолын созбағанына наразы, деп хабарлайды Zakon.kz.


Былтыр желтоқсан айында жол апатына 9 бала ұшыраған. Оның біреуі көз жұмған. Түрлі жарақат алған сегіз баланың бесеуінің жағдайы ауыр деп бағаланған. 

"Балаларға бүгінде бірнеше ота жасалды. Екеуі үйден оқып жатыр. Екеуіне де денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған. Енді аяққа тұрып кету үшін ұзақ оңалту шаралары қажет. Негізгі біздің талап – салаға жауапты шенділер көмегін берсін", - деп КТК телеарнасы  балалары үшін жүрегі жаралы аналардың сөзін келтіреді.

Қазір бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған екі баппен айып тағылған.

"Оңалту болғанда, біздің басқарма тарапынан мұндай мәселе қаралмаған. Дегенмен басқа  да мектептеріміз бар, облыстағы  спортшылар қауымдастығы бар, соларға үндеу тастап, осындай жағдайда бәріміз қол ұшын берейік. Сонымен қатар қайырымдылық турнирін ұйымдастырып, түскен қаражатты, азды-көпті болса да балаларға жәрдем ретінде беру шаралары атқарылып жатыр", - деп мәлімдеді Ақтөбе облысы спорт басқармасының бөлім басшысы Айбат Ермекбаев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста