Ақтөбеде мектептегі шаруашылық бөлмесінің қабырғасы сөгіліп кетті

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп қабырғасы сөгіліп кетті. Бұл - қосымша шаруашылық бөлмесі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылындағы мектеп 2012 жылы салынып, қолданысқа берілді. 600 орынды білім ордасында қазір 1200 бала білім алып жүр.

Мұндағы шаруашылық бөлмесінің қабырғасы сөгіліп кетіп, ата-аналар балаларының өміріне алаңдап отыр.

Облыстық білім басқармасы осы жайтқа түсінік берді.

«Жаңбыр суы кезінде мектептегі қосымша шаруашылық бөлмесінде жылу және су құбырлары орналасқан қосалқы бөлменің қабырғасы сөгіліп кетті. Яғни, қосалқы қабырға негізгісінен ажыраған. Бұл тірек қабырға емес. Ол кезде мектепте бала болмады. Қабырғаны сол бойда алып тастап, бөлу жұмыстарына пластикалық қабырға қолданылып жатыр. Әлеуметтік желідегі пабликтерде шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр. «Дала көрініп тұр» дейді. Бірақ ол өтірік. Қазіргі кезде арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында облыстық білім, құрылыс басқармалары мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасының мамандары бар. Олар мектептің техникалық жағдайын қарап, сараптама жасайды. Содан кейін ғана нақты жағдай белгілі болады. Егер мектеп балалар білім алуға жарамсыз болса, ол жерге оқуға жібермейміз», - деді облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуова.

Оның айтуынша, бұған дейін мектепте дәл осындай жағдай болмаған.

Айта кетейік, ауылда халық өсімі бар. «Жайлы мектеп» жобасы аясында 300 орынды мектеп салынады.

Құрылыс 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста