Ақпан айында Сайран көлінің түбін механикалық тазарту басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1971 жылдан бастап, яғни су қоймасы салынғаннан бері мұнда реконструкциялау және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілмеген.
Ақпан айында Сайран көлінің түбін механикалық тазалау басталып, оны мамырдың соңына дейін аяқтау жоспарға енген. Наурыз айында жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама шыққан соң көл аумағын реконструкциялау және абаттандыру басталады.