Ақмолалық тұрғын дүкен иесін жалған чек көрсету арқылы алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола полицейлері азаматтарды жалған чектермен алаяқтықтың жиілеп кеткен жағдайлары туралы ескертеді. Бұл қалай жұмыс істейді: қаскөйлер өздеріне қажетті өнімді таңдайды, содан кейін сауда қызметкерлеріне телеграм қосымшасында боттарды пайдаланып жасайтын ақша аударымдары туралы жалған чектерді көрсетеді. Бұл ретте жалған чекте аударым сомасы, оны “жасау” уақыты, сондай-ақ ақша қаражатын алушының аты-жөні көрсетіледі.
Мәселен, Ақкөл қаласындағы автокөлік бөлшектері дүкенінің сатушысы алаяқтың алдауына түсіп қалған. 24 наурыз күні белгісіз адам 50 мың теңгеден астам сомаға автокөлік бөлшектері мен кілттер жинағын сатып алып, қаражатын аудару туралы чекті көрсеткен. Дүкен иесімен салыстыру жұмыстарын жүргізу кезінде сатушыға жалған чек ұсынылғандығы анықталды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақкөл қаласының сотты ісі болмаған 24 жастағы тұрғыны анықталды, оның қатысы қазіргі уақытта тексеріліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.