Ақмола облысында полицейлер жабайы қабанды атып өлтірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Сандықтау ауданының полиция бөліміне табиғатты қорғау полициясы тобы инспекторының Петровка ауылының шетінде браконьерлікпен айналысқан белгісіз адам жабайы қабанды атып өлтіргені туралы хабарламасы келіп түсті.
Полиция бөлімі бұл фактіні ҚР ҚК-нің 337-бабының 1-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша СДТБТ-да тіркеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды, ол 30 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері қабанның ұшасын, тіркелмеген қос ұңғылы, тегіс ұңғылы көлденең, 16 калибрлі ИЖ-27 маркалы қаруын тәркіледі. Сараптама өткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.