Ақмола облысы Целиноград ауданы Талапкер ауылында 10 жастағы оқушы жаттығу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты тергеу басталды.
"Алдын ала анықталғандай, Целиноград облысы Талапкер ауылында 10 жасар бала арнайы оқу орталығында жаттығу кезінде қайтыс болған. Қазіргі уақытта өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп мәлімдеді Ақмола облыстық полиция департаменті.