Алматының Алмалы ауданындағы "Жайлы" тұрғын үй кешенінде жылу құбыры жарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апатқа байланысты 5 көппәтерлі тұрғын үй уақытша жылусыз қалды.
Жер астынан бірнеше метр ыстық су бұрқағы атқылады.
Диаметрі 150 мм құбырдағы ақауды жою үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша өшірілді.
Апат орнында "АлТС" ЖШС мамандары жұмыс істеп жатыр. Коммуналдық апаттың себептері туралы кейінірек хабарланады.
Айта кетейік, бұған дейін Екібастұз, Риддер,Өскемен, Петропавл және Жезқазған қалаларының жылу желілерінде апаттар болып, тұрғындар қақаған қыста жылусыз қалды.