Алматыда зейнеткер немересін құтқарамын деп 11 мың доллар ақшасынан айырылды

Алматыда телефон алаяқтары зейнеткерлерді алдап, 11 мың доллар алып кеткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне олардың немересі Марина Жданова айтты.

"Кеше ата-әжемді алдап кетті.Үй телефонына қоңырау шалып, жаяу жүргіншілер жолында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетуіне байланысты қызыңыз жол оқиғасына ұшырап, қабырғалары сынған. Айналасындағы адамдар зардап шеккен. Енді қызыңыздың үстінен қылмыстық іс жүргізілмес үшін тергеушіге 10 миллион теңге беруіңіз керек деп айтқан", – деді Марина.


Оның айтуынша, алаяқтар үйіне телефон соғып, күйеуінің есімін сұрап алған.

"Мекенжайды ата-әжелер жазып берген, курьер келіп, камералардан жасырынбай ақшаны алып кеткен. Полиция бір апта бұрын дәл осындай схема бойынша тағы бір зейнеткер 10 миллион теңге бергенін айтқан. Әріптесім маған жазды, оның туысқандары (анасы, қайын енесі) осы аптада ақша көлемін өсіруге тырысқанын айтты. Қарт туыстарыңызға ескертіп, өздеріңізге абай болыңыздар", - деген хабарламада.
 
 
Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Алматы полиция департаменті бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне алаяқтық ісі бойынша тіркелгенін хабарлайды. Қазіргі таңда азаматты анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Күдіктілерді анықтап, әрі қарай жауапкершілікке тартамыз", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Алматының криминалдық полициясының мәліметінше, мегаполисте қарт адамдарға қатысты алаяқтық фактілері жиілеп кеткен.

"Алаяқтық деректері жәбірленушілердің үйіне немесе ұялы телефондарына телефон арқылы қоңырау шалу арқылы жасалады. Алаяқтар өздерін жақын туыс екенін айтып таныстырады. Ұл, қыз, немересімен кенеттен туындаған жағдайды шешу үшін оларға қолма-қол ақша беру керек деп хабарлайды.

Олар мынадай схемалармен ойын іске асырады:

  • Сіздің жақын туысыңыз жол-көлік оқиғасын жасап, оның салдарынан адамдар зардап шекті;
  • Сіздің жақын туысқаныңыз қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапқа тартылады;
  • Сіздің жақын туысқаныңыз ауыр халде емделу үшін қомақты қаражатты қажет ететін емдеу мекемесінде жатыр.

Біз азаматтарды абай болуға және күмәнді қоңырауларға сенбеуге, эмоцияға, жақын туыстарының мәліметтерін бермеуге, қарттарды алаяқтықтың мұндай түрлерінен хабардар болуға шақырамыз", - деп хабарлады қалалық полиция.
Алматы полициясы алаяқтардың арбауына түспеу үшін бірнеше ереже жариялады:

Жақын туыстары мен достарына, әсіресе қарт адамдарға мұндай алаяқтық туралы ескерту қажет.
Егер сізді полиция қызметкері шақырса, полиция қызметкерлерінің ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте сақтаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты "102" нөміріне қоңырау шалып, тексеру керек.

Сізге бейтаныс адам телефон соққанда, оның сізге не айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға, оқыс оқиғалармен қорқытуға тырысады. Кез келген алынған ақпарат тексерілуі керек. Ақша жібермеңіз және аудармаңыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста