Алматыда заңсыз салынған 53 құрылыс нысаны сотқа жіберілді

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан заңсыз танылған 53 нысан сотқа жіберілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Алматы” телеарнасының хабарлауынша, соттың шешімі шықса, талапқа сай емес құрылыс нысандары жермен жексен болады. Сондықтан Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы көпшілікке күмәнді құрылыстың құрығына түсіп қалмауды ескертеді.

«Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы тарапынан заңсыз танылған 53 нысанды сотқа жібердік. Оның ішінде 29 нысан бүгінде сотта қаралып жатыр. Заңсыз құрылыс нысандары міндетті түрде соттың шешімімен бұзылады», – деді Алматы қаласы құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Түлебаев
Бұған дейін бұзылған тұрғын үй кешендері әкімдіктің рұқсатынсыз бой көтерген. Олардың қатарында Наурызбай және Бостандық ауданындағы сүрілген нысандар бар.

«Соттың шешімімен Наурызбай ауданында «Арт-Технис» құрылыс компаниясы салған көппәтерлі тұрғын үйді бұзған болатынбыз. Аталған нысан құрылыс-монтаждау жұмысын заңсыз бастап, ол жөнінде хабарлама тапсырмады. Тапсырыс беруші Development. Нысан – Назарбаев даңғылы мен Мәметов көшесі қиылысында орналасқан «Үш қоңыр» тұрғын кешені», – деді Алматы қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Түлебаев.


Қазір полиция іс қозғаған «Үш қоңыр» тұрғын үй кешенінің құжаттары заңды болғанымен, оны сатуда алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл салымшылар мен тұрғындар тарапынан түскен арыздан кейін белгілі болыпты.

«Халық айтса қалып айтпайды» ғой. Интернетте алаяқтық жолмен сатылғанын айтып, шулап жатыр. Енді пәтер иелері кілтін ала алмай жүр», – деді құрылысшы Дәурен Найзабаев.

«Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағы бойынша Алматы ПД қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда бұл іске қатысты 6 күдікті қамауға алынды, сот өндірісі жуырда анықталатын болады», – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Сала мамандары жоғарыда аты аталған тұрғын үй кешендерінен, заңсыз деп танылған құрылыс нысандарынан пәтер сатып алуға асықпау керегін айтты. Өйткені мониторингтік топ әлеуметтік желіде әлі нақты шешімі шықпаған баспаналарды жарнамалау дерегін анықтаған көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста