Келер аптада Алматы қаласы мен облысының тұрғын үй алаптары суық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұқтырма көшесі мен Құлжа тасжолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жұмыстары шеңберінде үш кезең бойынша құрылыс орындары астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмысы жүргізіледі», - деп хабарлады компания.
Жұмыстың бірінші кезеңінде, яғни 21 мамыр сағат 22:00-ден 23 мамыр сағат 09:00-ге дейін төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Түрксіб ауданы «Нұршашқан», «Қайрат» шағынаудандары;
- Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мекендері;
- «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа тасжолы бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.);
Екінші кезең 24 мамыр сағат 23:00-ден 26 мамыр сағат 9:00-ге дейін созылады. Ол кезде «Nomad city» ТК суық судан ажыратылады.
Жұмыстың соңғы үшінші кезеңі аясында 28 мамыр сағат 22:00-ден 30 мамыр сағат 09:00-ге дейін төмендегі мекенжайларда суық су болмайды:
- Түрксіб ауданы «Нұршашқан», «Қайрат» шағынаудандары;
- Алматы облысы Талғар ауданы Белбұлақ, Гүлдала, Лучь, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мекендері;
- «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
«Алматы су» кәсіпорны уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.