Алматыда белгілі революционер Әліби Жангелдиннің ұлы Шыңғыс Жангелдин қайтыс болды.
Шыңғыс Жангелдин 24 мамырда қайтыс болды. Ұлы Әлібидің айтуынша, өліміне өкпенің қабынуы себеп болған. Шыңғыс осыған дейін ғалым, кәсіподақ қызметкері болған.
Шыңғыс Жангелдин 1943 жылы Әліби Жангелдин мен Софья Кенжинаның (Қазақ АССР Оқу және Сауда Халық Комиссары, Алаш Орданың бұрынғы көсемі, 1938 жылы репрессияға ұшыраған Аспандияр Кенжиннің қызы) отбасында дүниеге келген.