Жыл соңына дейін Алматыда 30-дан астам сейсмологиялық станция жұмыс істейді.
Олар жер сілкінісі қаупін егжей-тегжейлі зерттеуге және болжам жасауға мүмкіндік береді. Жобаны қаржыландыруға қала әкімдігі жауапты. Бұл туралы бүгін Мәжіліс отырысында төтенше жағдайлар министрі хабарлады. Жақында ведомствоға Сейсмология институты берілген еді. Юрий Ильин Қазақстан аумағының 40 пайыздан астамы жер сілкінісіне бейім екенін айтты. Сондықтан, сейсмостанциялар желісі бүкіл республика бойынша жұмыс істеуі керек.
Юрий Ильин ҚР Төтенше жағдай министрі: - Біз жер сілкінісі болуы мүмкін эпицентрдің нүктелерін білеміз. Жер сілкінісін тркеуге мүмкіндік беретін датчиктер автоматты түрде қалалар мен елді мекендерді хабардар ету жүйесіне сигнал беруі тиіс. Халыққпа ескерту үшін. Мүмкін, жер сілкінісінің эпицентрінен елді мекендерге дейінгі толқынның жету уақыты бойынша ондаған секунд бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беруі мүмкін. Сондықтан станциялар жұмысы бізге ауадай қажет.