Алматы облысы Ақөзек ауылында үйлердің ауласын су басты

Алматы облысы Ақөзек ауылында үйлердің ауласын су басты

Алматы облысында Ақөзек ауылын қарғын су басты, деп хабарлайды өңірлік ТЖД баспасөз қызметі.

«2023 жылғы 5 наурыз күні сағат 18:46-да Алматы облысы ТЖД Шеңгелді ауылдық округінің Ақөзек ауылында температураның (+12 градус) жоғарылауына және Ақөзек ауылының солтүстік бөлігінен құрғақ арна арқылы таулардың баурайынан еріген судың түсуіне байланысты қардың қарқынды еріді. Осының салдарынан Қонаев қаласы Ақөзек ауылынан оңтүстікке қарай құрғақ арнадағы су деңгейі көтеріліп, құбырлы өткелдер кіретін су көлеміне төтеп бере алмады. Сол себепті көшелер мен 6 жеке тұрғын үйдің ауласын су басты» делінген хабарламада.

ТЖ департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен инженерлік техникасын (3 экскаватор және 2 тиегіш) пайдалана отырып, қолда бар құбырлы өткелдерге параллель қосымша төгу арналарын төсеу әдісімен еріген су арнасы бұрылды.

ТЖ департаментінің 10 қызметкері, 2 техникасы, 2 мотопомпасы және жергілікті атқарушы органдардың 5 қызметкері мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды. 2023 жылғы 6 наурыз күні сағат 7:00-де су ағыны төмендеді, елді мекендер арқылы су транзиттік режимде өтуде.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста