Facebook әлеуметтік желісінде Jomart-Tokayev деп аталатын аккаунт ашылды. Парақшада ақшалай сыйлықтар ұтысы өткізіледі. Бұл – фейк.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілерде екі ресми парақшасы бар. Бұл Twitter-дегі @tokayevkz және Instagram-дағы tokayev_online парақшалары. Мемлекет басшысы Facebook-те тіркелмеген және ол жерде ешқандай ұтыс ойындарын өткізбейді.
Ақшалай сыйлықтар ұтысын өткізу – алаяқтардың айла-амалдарының бірі. Олар «ұтысты» картаңызға жібереміз бен пайдаланушылардың жеке деректерін, тіпті ақшасын да иемденеді. Бұл әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Кейде ұтып алған ақша аударылатын картаның деректерін сайттағы арнайы нысанға жазу керек болады. Ондай платформалар қорғалмайды, бұл әдейі жасалады, бұл оларға пайдаланушылар енгізген барлық ақпаратты көруге мүмкіндік береді: банк карталарының нөмірлерін, жарамдылық мерзімін және CVC кодты. Бұл картадағы ақшаны алу немесе интернет-дүкенде сатып алынған затқа ақы төлеу үшін жеткілікті.
Төлем деректерін ұрлаудың тағы бір жолы – оларды «халықаралық аударымды» желеу ету. Ақшалай сыйлықты картаңызға аудару үшін оның нөмірі ғана емес, барлық басқа деректері қажет. Есіңізде болсын, картаңыздың жарамдылық мерзімін де, CVC кодты да ешкімге айтуға болмайды.
Демек, Facebook-тегі Jomart-Tokayev парақшасы – фейк. Онда өткізілетін ұтыс ойыны – алаяқтардың ісі. Мұндай акцияларға қатыспаған жөн.