Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылдың 23 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, қазір Қазақстандағы ауа райына Атлант циклоны әсер етуде.
Елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, тек оңтүстік-шығыста – жауын-шашынсыз ауа райы.
Сондай-ақ көктайғақ, тұман, жел күшейіп, қар жауады деп күтілуде.
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн суытады деп хабарлаған болатын.