Биылғы көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар екі мереке – 8 наурыз мен Наурыз мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл 8 наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы сәрсенбі күніне сәйкес келеді. Сондықтан қазақстандықтар бір күн демалады.
Ал Наурыз мейрамында – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Биыл мереке сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндеріне түсіп тұр. Сол себепті қазақстандықтар 3 күн қатарынан демалады.
Анықтап кетейік сол аптада тек дүйсенбі мен жұма күндері жұмыс кұндері болып саналады. Ешқандай ауыстырулар жоқ.
Наурызда барлығы 4 мемлекеттік мереке күні болады.
Осылайша бес күндік жұмыс аптасымен қызмет атқаратын азаматтар сенбі және жексенбі күндеріндегі демалысқа 4 күн мереке күндерін қосса болады. Осылайша қазақстандықтар наурыз айында 12 күн демалады.