3 ақпаннан бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жүрген 12 мың жас азаматқа SMS жолдайды, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұл туралы министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов айтты.
SMS жұмыспен қамтылмаған 23 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға жіберіледі. Хабарлама 13 ақпаннан бастап жолданады. SMS 1414 нөмірінен келеді, -дейді Ниязов.
Хабарлама арқылы азамат жұмыс іздеу мүмкіндігін пайдаланып, тегін оқудан өту, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алу бойынша сұрақтарға жауап алады.
Бұрын біз жұмыссыз жүрген азаматтардың өздері өтініш жібергенін күтіп отыратын едік. Енді біз олардың телефонына өзіміз СМС жібереміз. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламада тұрған сілтемені басуға болады.Немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады, - деді министрлік өкілі.
Оның айтуынша, министрлік жұмыссыз жастарды 8 әлеуметтік топ бойынша іріктеп алған. Әр жас тобы бойынша 1 000 SMS-хабарлама жіберу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, республика бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші — 3,8 пайыз немесе 80 мың адам.