Ақпанның 22-сі
Алаштың атаулы күні
• 1898 жылы Алаш қайраткері Темірбек Жүргенов дүниеге келді.
• 1989 жылы «Невада-Семей» қоғамдық қозғалысы құрылды.
• Екі жыл бұрын (2010) Алматыда Алаш арысы Әлихан Бөкейханның 7 томдық толық шығармалар жинағының алғашқы 3 томының тұсаукесер рәсімі өтті.
• Қылмыс құрбандарына қолдау көрсету туралы халықаралық күні.
Туған күн иелері
Бексұлтан Нұржекеұлы (1941) – «Жалын» баспасының директоры, жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Парасат» орденінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы;
Қанат Бәйішев (1941) – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-химиялық әдістеме орталығының директоры, профессор;
Ермұхамед Есенов (1945) – техника ғылымының докторы, профессор, академик;
Нағима Айтхожина (1946) – биология ғылымының докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының толық мүшесі;
Оразгүл Асанғазы (1952) – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
Бақтияр Алдашов (1954) – әлеуметтану ғылымының докторы, профессор;
Қайрат Мыңжанов (1961) – полковник;
Жәмила Нұрманбетова (1964) – Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірінші проректоры, философия ғылымының докторы, профессор;
Нұрлан Әбдікәрімов (1964) – Қызылорда облыстық тәртіптік кеңестің хатшылық меңгерушісі;
Фарида Мерхамитқызы (1966) – «Ерке-Нұр» ЖШС директоры;
Рүстем Ахметов (1978) – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы;
Марид Мүтәлімов (1980) – Азияның екі дүркін чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
БЕКСҰЛТАН – қазақтың «бек» (ел билеуші, мырза, мықты, берік) және арабтың «султе» (билеуші) деген сөздерінің бірігуінен құралған есім. Ислам діні Тұран топырағына сіңіп, тамырлана бастаған тұста «сұлтан» сөзі билік лауазымы ретінде қабылданды. «Ел тізгінін қолға мықтап ұстаған басшы, әділдіктің жаршысы, берік билеуші болсын» деген ниетпен қойылатын ныспы. Ел ішінде сирек кездеседі.