Маусымның 14-і
Алаштың атаулы күні
• Дүниежүзілік донорлар күні.
Туған күн иелері
Болат Жанәділов (1940) – ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі;
Амангелді Ермегияев (1944) – «Алматықұрылыс» холдингілік компаниясының президенті, академик, меценат;
Рақымжан Тұрысбек (1958) – филология ғылымының докторы, профессор, сыншы;
Марат Сарқытбаев (1967) – «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Қайырниса Жұмашева (1970) – Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кеңсе меңгерушісі;
Жанна Ойшыбаева (1972) – «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ-тың қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры;
Нұркен Өтеулов (1976) – театр актері, «Бәйтерек» тобының әншісі;
Анар Мұстафинова (1985) – Massaget.kz порталының контент-менеджері.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып,
мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры
РАҚЫМЖАН – арабтың «рахим» (кеңпейілді, кішіпейілді, ақжүректі) қазақтың «жан» (адам жаны, өмір, ғұмыр) деген сөздерінің бірігуінен құралған ныспы. Рақым – сондай-ақ қазақтар арасында да жиі қойылатын есімдердің бірі. Қазақтар бұл есімді ұрпағына қайырымды, ибалы, мейірімді болсын деген ниетпен қояды.