12,13,14 МАУСЫМ
Маусымның 12-сі
Алаштың атаулы күні
• 1854 жылы Сібір қырғыздарының (қазақтар) аймағы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары қамтылды.
• 1886 жылы «Түркістан өлкесін басқару туралы» ереже шықты.
• 1924 жылы РКП Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы қабылдады. Өлке халықтарының тілегін ескере келіп, Түрікмен мен Өзбек КСР-лері құрылды. Түркістанның қазақтар тұратын аудандарын Қырғыз (Қазақ) АКСР-мен біріктіру, РКФСР құрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбек КСР-інің құрамында Тәжік автономиялы облысын құру мәселесі мақұлданды.
• 1925 жылы Қазақ өлкелік комитетінің РКП хатшылығы Қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясын құру туралы шешім қабылдады.
• 1992 жылы Қазақстан мен Италия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.
• Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсылық күні.
Туған күн иелері
Саламат Өтемісов (1939) – суретші;
Әмір Сембеков (1947) – «АСКО» сақтандыру компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, экономика ғылымының докторы;
Дәуренбек Мәжитов (1952) – Ұлттық банктің Қарағанды филиалының директоры;
Әділ Жүнісов (1955) – саясаттану ғылымының докторы, профессор, академик;
Владимир Волков (1955) – Сенат аппараты сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
Ғалымжан Нұрышев (1957) – Ақтөбе педагогикалық институтының ректоры, экономика ғылымының докторы, профессор;
Әуезхан Қодар (1958) – мәдениеттанушы, ақын, аудармашы;
Рысқали Әбдікеров (1959) – Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімі;
Құрманғали Тасмағамбетов (1959) – Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы, кеден полковнигі;
Мұхамеджан Абауов (1961) – Премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы;
Игорь Мусалимов (1961) – Қазақстанның Грузиядағы Уақытша сенімді өкілі;
Шавхат Өтемісов (1963) – Мәжіліс депутаты;
Бағдат Қарасаев (1964) – Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі;
Айдарбек Сапаров (1966) – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Маусымның 13-і
Алаштың атаулы күні
• 1924 жылы Орынборда қазақ ғалымдарының І съезі басталды. Маусымның 18-іне дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды.
• Қасиетті Раджаб айының басы. Раджаб – мұсылман баласы үшін қасиетті үш айдың (Раджаб, Шағбан, Рамазан) бірі.
Туған күн иелері
Несіпқали Сейітов (1944) – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, геология-минерология ғылымының докторы, профессор, академик;
Тоқтар Ералиев (1946) – «Қазгор» жобалау академиясының бірінші вице-президенті, профессор;
Нұрлан Оразалин (1947) – Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты;
Сабыржан Бекбосынов (1954) – Маңғыстау облысының прокуроры, аға әділет кеңесшісі;
Балнұр Қыдырбек (1955) – Композиторлар одағының төрайымы;
Нұрлан Мақұлбеков (1955) – «Алтыналмас» АҚ президенті;
Шарафаддин Әмір (1960) – «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері;
Мақсат Әлжанов (1962) – «БанкЦентрКредит» АҚ басқарма төрағасының орынбасары;
Манас Тасыбаев (1962) – «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе филиалының директоры;
Асқар Можанов (1973) – Шығыс Қазақстан облыстық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы;
Донат Байымбетов (1974) – Қаржы министрлігінің департамент директоры;
Асқар Құсайынов (1974) – «Кедентранссервис» АҚ бірінші вице-президенті.
Маусымның 14-і
Алаштың атаулы күні
• Дүниежүзілік донорлар күні.
Туған күн иелері
Болат Жанәділов (1940) – Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, денсаулық сақтау ісінің үздігі;
Амангелді Ермегияев (1944) – «Алматықұрылыс» холдингтік компаниясының президенті, академик;
Мақсұтбек Есенов (1955) – «Қазфосфат» ЖШС басқармасының төрағасы;
Асқар Ыдырысов (1958) – «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы басқармасы төрағасының орынбасары;
Рақымжан Тұрысбек (1958) – филология ғылымының докторы, профессор, сыншы;
Марат Сарқытбаев (1967) – «Аралтұз» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
Серік Төлегенов (1968) – Ақтөбе қалалық сотының төрағасы;
Жаннат Ойшыбаева (1972) – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі;
Мұхтар Бөбеев (1978) – Қаржы рыногы және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің департамент директоры.
Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!
«Алаш айнасы»
Белгілі есімнің белгісіз сыры:
ШАВХАТ – арабтың «шафақат» (мейірім, шапағат) сөзімен төркіндес есім.
ТОҚТАР – жас отбасында сәбилер тұрақтамай, шетіней берсе, келесі туылған балаға ырымдап осындай есім береді.
АМАНГЕЛДІ – елі мен жерін қорғап, ат үстінен түспеген бабаларымыз қанды шайқастардан аман-есен еліне оралғанда жаңа туған нәрестеге ырымдап қойылатын есім. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де осы есімді қою ел ішінде белең алған.