Тараздағы клубтарды өздерінің “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

Тараздағы клубтарды өздерінің “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүрлеген қылмыстық топ ұсталды

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы ПД жедел қызметкерлерімен бірлесіп, Тараз қаласында қылмыстық топтың әрекетін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді. Бұл операцияға “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің сарбаздары да тартылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қаланың барларында, кафелерінде және түнгі клубтарында бұзақылық әрекеттер жасап, бірнеше рет төбелес, жанжал шығарған топ ведомствоның жедел қызметкерлерінің назарына көптен іліккен болатын.

 

Жедел тексеру барысында қала мен облыс аудандарының спортшылары мен  бұзақы жастары қатарынан осы топқа қатысушылар анықталды.

 

Олар бірқатар ойын-сауық мекемелеріне күзет қызметі түрінде қылмыстық қорғаушылық  ұйымдастырған.

 

Бұл топтың ішінде бұрын бұзақылық және бопсалау жасағаны үшін сотталғандар да болды.

 

Сонымен қатар бұл топтың атыс қаруы қолданылған қылмыстық қақтығыстарға қатысқаны да анықталды.

 

Ойын-сауық орталықтарының басшылары қылмыстық топтың “күзет қызметін” пайдалануға мәжбүр болуы үшін олар клубтар мен кафелердің клиенттері мен қызметкерлеріне тиісіп, қақтығыстар, төбелестер және жанжалдар ұйымдастырды.

 

Полицияға қылмыстық топтың 11 қатысушысы жеткізілді. Олардың тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тінту іс-шаралары барысында атыс, травматикалық қарулар, суық қару мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

 

Басты күдіктілер, атап айтқанда қылмыстық топтың ұйымдастырушылары мен жетекшілері уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Тергеу жалғасуда.

 

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста