Оқушыны зорлап, ақша бопсалаған Абай ауылының экс-полицейіне үкім шықты

Оқушыны зорлап, ақша бопсалаған Абай ауылының экс-полицейіне үкім шықты

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Абай ауылында жасөспірімді үш жыл бойы зорлап, ақша бопсалаған бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты түпкілікті шешім шығарды.

 

Бұл оқиға осыдан жеті жыл бұрын болған. Яғни, сол кездегі 16 жасар мектеп оқушысы полиция қызметкері тарапынан бірнеше рет зорлық-зомбылық көріп, бопсалауға ұшыраған.

 

"Бүгін Түркістан облысында бұрынғы полицейдің жасөспірімге жасаған зорлық-зомбылығына қатысты қылмыстық істің апелляциялық сот отырысы жарияланды. Бұрынғы полицей 15 жыл бас бостандығынан айырылып, полиция капитаны шенінен айырылды", - деді жәбірленушінің адвокаты Айман Омарова Sputnik Қазақстанға.

 

Айта кетейік, полиция қызметкері өткен жылдың тамыз айында ұсталған. Алайда, сот бірінші инстанциядан кейін қылмыстың ауырлығына қарамастан оны үй қамауынан босатты. Бірақ, адвокаттың күдіктіге қатысты көптеген шағымынан соң оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

 

Ұзаққа созғылған сот процесінен кейін экс-полицей кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ сотталушы мен оның қорғаушылары апелляциялық шағым түсіріп, сот 4,5 айдан кейін құқық бұзушыға қатысты түпкілікті шешім шығарды.

 

Дегенмен, қоғам назарын аударған бұл істің әлі де соңғы нүктесі қойылған жоқ. Жәбірленушінің айтуынша, жасөспірімді зорлаған тағы бір адам мен жасөспірімнен ақша талап еткен сотталған полицейдің әйелі бұл істе жазасыз қалған.

 

Ал Айман Омарова осы оқиғаға қатысушылардың барлығын сотқа беруді жалғастыруға ниетті.

 

Жасөспірім қалай зорлық-зомбылыққа ұшырады

 

2018 жылы Түркістан облысы, Абай ауылының тұрғыны Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында 16 жастағы жасөспірім соңғы үш жыл бойы өзін екі адам зорлап келгенін айтқан. Содан кейін оқиғаға қатысты іс бірнеше рет ашылып, дәлелдер жеткіліксіз деп бірнеше рет тоқтатылды.

 

Жәбірленген жас жігіт БАҚ қызметіне жүгініп, әділдік іздеді. Ол полиция қызметкерінің ғана зорлық-зомбылығын көріп қана қоймай, оның әйелінің де құқайына ұшыраған. Полицейдің әйелі үндемеуі үшін кәмелетке толмаған жасөспірімнен ақша талап еткен. Ол аздай, 1979 жылы туған ер адам бұрынғы полицейдің жәбірленушіге жасаған лас әрекеттерін біле тұра, "ауызбастырық үшін" оқушыға оқтын-оқтын зорлық-зомбылық көрсетіп, бопсалап келген.

 

sputniknews.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста